Озған заман мен тозған мектеп: абайлық балалардың білім деңгейі қандай?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сирия оппозициясы: Ресейдің екі азаматы ұсталды

Сирия оппозициясы: Ресейдің екі азаматы ұсталды

Сирияда оппозициялық "Сирия демократиялық күштерінің" өкілдері елдің солтүстігінде терроризм күдігімен төрт адам ұсталғанын, олардың екеуі - Ресей азаматы екенін мәлімдеді.

"Сирия демократиялық күштері" оларды Усмат Аттаев және Джавад Хан деп атағанымен, олардың нақты қандай топ құрамында болғанын айтпайды. Олар "ұзақ уақыт аңдудың" арқасында ғана қолға түскен.

Ұсталған ресейліктер Ракка қаласында теракт жасады және басқа да аймақтарда террорлық шағын топтар құрды деген күдікке іліккен.

Ресей сыртқы істер министрлігі бұл ақпарат туралы әлі түсінік бермеді.

"Сирия демократиялық күштері" АҚШ-тың қолдауымен "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күресіп келеді. Ресей билігі бұл ұйым құрамында бірнеше мың ресейлік барын терістемейді.

Дереккөз: Азаттық
Автор
Жандос