Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ширек ғасырға созылған қателік: 26 жыл бойы түрмеде отырған ер адам жазықсыз деп танылды

Ширек ғасырға созылған қателік: 26 жыл бойы түрмеде отырған ер адам жазықсыз деп танылды
Фото: depositphotos.com

26 жыл түрмеде отырған ер азамт ақталды. АҚШ-та ширек ғасырдан астам уақыт өткен соң сәби өліміне қатысты сотталған ер адамға шығарылған үкімнің күші жойылды. Бұл іс Денвер қаласының тұрғыны Стивен Мартинеске қатысты, ол 2000 жылы сол кездегі сүйіктісінің қызы — Хизер Марестің өліміне кінәлі деп танылған , деп хабарлайды kznews.kz People басылымына сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, 1998 жылдың қазанында Мартинес жедел қызметке хабарласып, баланың тұншығып жатқанын айтқан. Оқиға орнына келген полицейлер қыздың бас сүйегі сынғанын, ал үйден қанға боялған төсек жаймаларын анықтаған. Ер адам сол кезде баланы жылаған кезде сілкіп, басын кереуетке соққанын мойындағанымен, мұның кездейсоқ болғанын алға тартқан.

Сот үкімімен ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу құқығынсыз өмір бойына түрмеге түскен еді.

Алайда 21 сәуірде Денвер судьясы Эндрю Люксен жаңа дәлелдерге сүйене отырып, бұл үкімнің күшін жойды. Аталған деректерді Korey Wise Innocence Project ұйымы ұсынған. Олардың қорытындысына сәйкес, баланың өліміне физикалық зорлық емес, пневмония асқынулары себеп болуы мүмкін. Сот Мартинесті қамаудан босату туралы шешім қабылдады.

Айта кету керек, бастапқы үкім шығарылған кезде Колорадо штатында жаңа заң күшіне еніп, бұл оқиға бірінші дәрежелі кісі өлтіру ретінде сараланған болатын.

Соған қарамастан, қайтыс болған қыздың отбасы Мартинесті әлі де кінәлі деп есептейді. «Менің өмірім 27 жыл бұрын, отбасымызбен бірге үзілді», — деді баланың анасы Ким Эстрада.

Прокуратура мәліметінше, істі қайта қарауға тәуелсіз медициналық сарапшылардың қорытындылары негіз болған. Олар бастапқы өлім себебіне күмән келтірген. Сонымен қатар, Денвер округінің прокуроры Джон Уолш 1998 жылғы тергеу барысында заңбұзушылықтар анықталмағанын атап өтті.

«Бұл — қылмыстық әділет жүйесінің қажет болған жағдайда істі қайта қарап, шешімін өзгерте алатынын көрсететін мысал», — деді ол.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер