Британд құқық қорғау органдары осыдан 40 жыл бұрын Беркенхед қаласында қатыгездікпен өлтірілген 21 жастағы Дайан Синдаллдың өліміне шын мәнінде кімнің қатысы бар екенін анықтау үшін тергеуді қайта жалғастырды. Бұл іс Ұлыбритания тарихындағы ең ірі сот қателіктерінің бірі ретінде аталады. Себебі қылмыс үшін сотталған ер адам 38 жыл түрмеде отырғаннан кейін оның бұл іске қатысы жоқ екені анықталған, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл туралы LadBible басылымы жазды.
Британ полициясы 1986 жылы болған атышулы кісі өліміне қатысты тергеуді қайта бастады
1986 жылдың 2 тамызына қараған түні болашақтағы үйлену тойына ақша жинап жүрген Дайан жергілікті пабтағы жұмысынан көк түсті Fiat фургонымен үйіне қайтып келе жатқан. Алайда жолда көлігінің жанармайы таусылып, қыз ары қарай жаяу жүруге мәжбүр болған.
Куәгерлер оны түн ортасы мен 00:20 аралығында жол бойымен жаяу келе жатқанын көрген. Ал Бороуд-Роуд ауданындағы тұрғындар сол түні айқай мен жанжалға ұқсас дауыстар естіген. Бірнеше сағаттан кейін өтіп бара жатқан адам қыздың денесін бір көшенің тұйық бөлігінен тауып алған.
Сараптама нәтижесінде Дайанның жыныстық зорлыққа ұшырағаны анықталды. Ол басы мен бетіне доғал затпен бірнеше рет соққы жасалып, көптеген пышақ жарақатын алғаннан кейін миына қан құйылып, қайтыс болған.
Қылмыс болған жерден бірнеше шақырым қашықтықта полиция жәбірленушінің өртенген киімдерін тапқан. Баспасөзде «Мерсисайдтық Потрошитель» және «Беркенхедтік Жыртқыш» деген лақап аттарға ие болған қылмыскер бүкіл қаланы үрейде ұстады. Әйелдер жалғыз өздері көшеге шығудан қорыққан.
Тергеу барысында полиция мыңдаған адамнан жауап алды. Ақыры күдік сол кезде 28 жаста болған, қазір 68 жастағы Питер Салливанға түсті. Жергілікті тұрғындардың жұбайлары киім өртенген жердің маңындағы бұталардың арасынан «Пит» есімді ер адамның жүгіріп шыққанын көргендерін айтқан. Бұған қоса, Crimewatch телебағдарламасында оқиға қайта көрсетілгеннен кейін басқа куәгерлер де Салливанды таныған.
Осыған қарамастан, келесі жылы сот оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Істің бағыты ДНҚ технологиясының дамуы нәтижесінде өзгерді. 2021 жылы Салливан Қылмыстық істерді қайта қарау жөніндегі комиссияға жүгінді. Жүргізілген сараптама қылмысқа қатысты заттай дәлелдерден Салливанға тиесілі емес ДНҚ профилін анықтады. Өткен жылдың мамырында апелляциялық сот оның үкімін жойып, ер адам 38 жыл түрмеде отырғаннан кейін бостандыққа шықты.
Салливан бостандыққа шыққаннан кейін оның адвокаты Сара Маят ер адамның мәлімдемесін оқып берді:
«Бұл жағдай өте дұрыс емес. Мен ашулы емеспін. Мен жай ғана өз жақындарыма оралуға тырысып жатырмын. Тағдыр берген өмірдің қалғанын жақсы өткізгім келеді.».
Қазір Полиция қызметкерлерінің әрекетін тәуелсіз тексеру қызметі (IOPC) бастапқы тергеу кезінде құқық қорғау органдарының әрекеттеріне қатысты тексеру жүргізіп жатыр.
«Салливан мырза бұл елде бұрын-соңды болмаған ең өрескел сот қателерінің. Бұл іс тәуелсіз қарастырлғаны маңызды. Оқиға 40 жыл бұрын болған соң, көп нәрсені дәлелдеу қиын. Бірақ біз қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз», — деді IOPC басшысы Аманда Роу.
Мерсисайд полициясы кісі өліміне қатысты тергеуді ресми түрде 2023 жылы қайта бастады. Ведомствоның түсіндіруінше, 1986 жылы ДНҚ сараптамасы енді ғана дами бастағандықтан, мұндай дәлелдер алғашқы тергеу тобының қолында болмаған.
Қылмыстың шынайы кінәлісін ұстауға және соттауға көмектесетін ақпарат берген адамға Crimestoppers қайырымдылық ұйымы 20 мың фунт стерлингке дейін сыйақы ұсынды.
Қазіргі таңда тергеушілер 575 ер адамды тексеріп, оларды күдіктілер қатарынан алып тастаған. Тағы 32 адамға қатысты тексеру жалғасып жатыр.