Ақтөбе облысында алькоголден бас тартқан ауылдар саны 40-қа жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Sim-картаңыз бен аккаунтыңызға сақ болыңыз»: полиция жасөспірімдерге ескерту жасады

«Sim-картаңыз бен аккаунтыңызға сақ болыңыз»: полиция жасөспірімдерге ескерту жасады
фото: ашық дереккөз

ІІМ әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарды өзгелерге беру мәселесіне қатысты үндеу жасады. Алаяқтар жасөспірімдерден sim-карталары мен аккаунттарын алып, жымысқа мақсатта пайдаланып жүр. Полиция мұндай әрекеттер қылмысқа көмектесу ретінде қаралатынын ескертті, деп хабарлайды kznews.kz.

Кәмелетке толмағандар ақша алу үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өзгелердің өтінішімен sim-карталарды іске қосып, оларды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге тіркеп, кейін басқа адамдарға беру жағдайлары анықталып отыр.

«Қаскөйлер бұл аккаунттарды азаматтарға алаяқтық қоңыраулар жасау үшін пайдаланады. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарды тіркеу және оларды бөгде адамдарға беру алаяқтық пен өзге де заңсыз әрекеттерді жасау құралына айналуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұндай әрекеттер қылмыс жасауға жәрдемдесу ретінде қаралады», – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бейбіт Біржанов.

ІІМ азаматтарды шығу тегі күмәнді sim-карталар мен құрылғыларды сатып алмауға және таратпауға; өз аккаунттарын үшінші тұлғалардың пайдалануына бермеуге; кәмелетке толмағандарға мұндай әрекеттердің жауапкершілігі мен салдарын түсіндіруге; абоненттік нөмірлерді мессенджерлерде тіркеп, кейін оларды бөгде адамдарға бермеуге; күдікті әрекеттер байқалса, құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады. Полиция цифрлық кеңістікте сақ болу керектігін кезекті рет ескертті.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.