Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Silk Way Star байқауының жеңімпазы анықталды

Silk Way Star байқауының жеңімпазы анықталды
Фото: Silk Way Star

Астанада Silk Way Star — алғашқы азиялық музыкалық жобаның финалдық кезеңі мәресіне жетті. Халықаралық байқаудың бас жүлдесін Моңғолиядан келген әнші Мишель Джозеф жеңіп алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Жеңімпаздың есімін финалда арнайы шақырылған қонақ, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Мишель Джозеф – Моңғолияның танымал вокалисті әрі ән авторы. Ол дәстүрлі уртын ду (созылмалы ән) стилін заманауи поп, R&B және фанк жанрларымен шебер ұштастырып, ерекше музыкалық бағыт қалыптастырған. Әнші моңғол және ағылшын тілдерінде еркін орындауымен де көрерменге жақсы таныс.

Silk Way Star финалы Jibek Joly телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді. Сонымен қатар жоба Ресей, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан және Грузия телеарналарынан да тарады.

Финалда жеті елдің әртістері өнер көрсетті:
– Язмин Азиз (Малайзия),
– Мадинабону Адылова (Өзбекстан),
– Мишель Джозеф (Моңғолия),
– Автандил Абесламидзе (Грузия),
– ALEM (Қазақстан),
– Саро Геворгян (Армения),
– Чжан Хэ Сюань (Қытай).

Жобаның бірінші маусымында жеңімпаз аралас бағалау жүйесі арқылы анықталды: нәтиженің 50 пайызы — қазылар алқасының шешімі, қалған 50 пайызы — онлайн-дауыс берудің нәтижесімен есептелді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.