“Қазгидромет” РМК 2026 жылдың шілде айына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, шілде Қазақстандағы жылдың ең ыстық айы болып қала береді. Елдің солтүстігі мен шығысында ауаның орташа температурасы +18...+23 градус шамасында болса, оңтүстікте +28...+30 градусқа дейін көтеріледі.
“Жекелеген күндері аптап ыстық күшейіп, солтүстік пен шығыста ауа температурасы +42...+43 градусқа дейін, орталық, батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде +47...+48 градусқа дейін, ал елдің оңтүстігінде +50 градусқа дейін жетуі мүмкін”, – делінген хабарламада.
Аптап ыстыққа қарамастан, шілде айында қысқа мерзімді салқындау кезеңдері де болуы ықтимал. Солтүстік және шығыс облыстарда түнгі уақытта ауа температурасы кей жерлерде +5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Қазақстанның солтүстігінде шілде – жылдың ең жауын-шашынды айы. Жауын-шашын көбіне найзағаймен қатар жүреді, ал кей жерлерде нөсер жаңбыр түрінде жаууы мүмкін. Жекелеген аудандарда бір тәуліктің ішінде айлық жауын-шашын мөлшері немесе одан да көп түсуі ықтимал.
Найзағайдың ең жоғары белсенділігі елдің солтүстік, шығыс және таулы өңірлерінде күтіледі. Сонымен қатар, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұршақ жаууы мүмкін.