Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкенттің жедел жәрдем қызметі екі айлық сәбиді өлім аузынан аман алып қалды

Шымкенттің жедел жәрдем қызметі екі айлық сәбиді өлім аузынан аман алып қалды

2018 жылғы 5 желтоқсан 21:40 25

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің жедел жәрдем қызметі өлім аузынан екі айлық сәбиді аман алып қалды. Дер кезінде жүргізілген ем-домның арқасында нәрестенің жағдайы қалпына түсіп, ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, осы оқиға бойынша  шақырту күндізгі сағат 11:12-де тіркелген. Екі айлық сәбидің туыстары  оның ес-түссіз жатқанын жеткізген.

«Шақыртуды  №17 бригада қабылдап алды. Олар науқастың  үйіне жетіп, сәбидің жағдайын тексерген. Дәрігерлер баланы қарау  кезінде оның есін жоғалтқанын, жүрек қағысы нашарлап кеткенін анықтаған. Жедел түрде жан сақтау шараларын жасаудың нәтижесінде 3 минуттан кейін сәбидің жүрек қағысы қалпына келіп, тыныс ала бастаған. Науқас бала қалалық балалар ауруханасына жеткізілді» делінген хабарламада

Автор
Жандос