KZNews.kz
Қоғам

Шымкентте судья журналистке тілін шығарып, ерсі қылық танытқан

Айжан Сыланова
Фото: видеодан скриншот

Оқиғаға куә болған Омарова судьяның әрекетін бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.

«Журналист болғаныма біраз уақыт болды, бірақ судьяның тілін шығарғанын алғаш рет көрдім. Шынымды айтсам, абдырап қалдым. Бұл әрекетінің мәнін түсінбедім, тіпті оның жағдайына алаңдап отырмын», – деп жазды ол.

Журналист әзіл араластырып, судьяның мұндай қылығына түрлі нұсқа ұсынған: «Бәлкім, астаналық журналистерді бірінші рет көрген шығар, немесе тик-ток трендін қумағысы келді ме?» деп қалжыңдады.

Редакция Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметінен түсініктеме сұрағанымен, әзірге ресми жауап берілмеген.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →