Демография статистикасы: елдегі әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Тілін шығарған» судья ісі Жоғарғы сот кеңесіне жолданды

«Тілін шығарған» судья ісі Жоғарғы сот кеңесіне жолданды

Судьялық әдеп жөніндегі комиссия шешім шығарды.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісін қараған судья Әбинұр Қарабаевқа байланысты Судьялық әдеп жөніндегі комиссия шешім шығарды, деп хабарлайды Kznews.kz 

Қалалық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, тексеріс материалдары ҚР Жоғарғы сот кеңесі жанындағы сот жюриіне жолданған.

Судьялық әдеп жөніндегі комиссия судья Әбинұр Қарабаевқа қатысты тексеру материалдарын Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот кеңесі жанындағы сот жюриінде мәні бойынша қарауға жіберу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Судья Қарабаев оған шағым түсіруге құқылы, – делінген ресми хабарламада.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.