"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте қарияны зейнетақы үшін аяусыз сабап өлтірді

Шымкентте қарияны зейнетақы үшін аяусыз сабап өлтірді

Шымкентте қарияны зейнетақы үшін аяусыз сабап өлтірді.

Бұл туралы «Отырар» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті серігімен бірге тұрғын үйлердің маңындағы гараждың шатырында ішімдік ішкен. Ол сол жерде отырып көршілес тұратын зейнеткерді байқапты. Мұнан кейін күдікті қарияға барып, одан ақша талап еткен.

Қарияда өзімен бірге зейнетақысы болса да, ол ақшасын беруден бас тартқан. Мұнан кейін ер адам оны аяусыз соққыға жығыпты. Артынша ақшасын тартып алып, оның біразына тағы да ішімдік сатып алады.

Сол жерден өтіп бара жатқан адамдар соққыға жығылған зейнеткерді көріп, жедл жәрдем шақырған. Қария ауруханаға жеткізілді. Алайда есін жимастан ауруханада көз жұмды.

Күдікті анықталып, бірден тұтқындалды.

«Шымкенттің мамандандырылған соты тергеу органдарының өтініші бойынша күдіктінің тұтқындалуына және 2 ай көлемінде қамауда болуына санкция берді. Ол ҚР ҚК 99-бабы 1-тармағына (Қасақана адам өлтіру) сәйкес айыпталып отыр», – дейді тергеу сотының төрағасы Сержан Тоқтасынов.

Автор
Әлихан