KZNEWS.KZ
Қоғам

Шымкентте екі рет егіз босанған ана дүниеге үшем әкелді

• Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Шымкентте екі рет егіз босанған ана дүниеге үшем әкелді. Осылайша, жас отбасындағы бала саны онға жетті, деп хабарлайды kznews.kz

17 қыркүйекте Шымкент қалалық перинаталдық орталығында үшем кесар тілігі арқылы дүниеге келген. Сәбилердің екеуі - қыз, біреуі - ұл. Альсия, Сафия және Аймұхаммед есімді балалардың туған кезде салмағы аз болып, жансақтау бөлімінде жатқан.

Мерзімінен бұрын туған сәбилерге алғашқы күннен бастап ем қабылдады. Кейін арнайы күтім бөліміне ауыстырылып, дәрігерлердің жіті бақылауында болған. Сәбилердің жағдайы жақсарып, салмақтары біртіндеп артқан. Қазір олардың денсаулығы жақсы, салмақтары екі келіден асып, үйіне шығарылды.

Оларды 7 бауыры күтіп алды. Балалардың анасы үй шаруасымен айналысады, әкесі жеке кәсіпкер.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →