Шымкентте бірінші сынып оқушысына сексуалдық сипатта тиісіп, сотталған 36 жастағы мұғалім 200 сағат қоғамдық жұмысқа тартылатын болды, деп хабарлайды kznews.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Шошыған ата-анасы тексерген кезде, тіпті мектептегі бейнебақылау камерасына да түскені анықталған.
Осыдан кейін педагог жас балаларды азғындату дерегімен жазаға тартылғанымен, оны қайта қаратып, жазасы жеңілдеу сексуалды сипаттағы тиісу әрекеті бабына ауыстырылған.
Енді қоғамдық жұмысқа жегілетін педагог 3 миллион теңге моральдық тағы 3 миллион теңге материалдық шығынды өтеп беруге тиіс.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда харассмент үшін жауапкершілік енгізу мәселесі бірнеше рет көтерілген еді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеп, харассмент ұғымына нақты анықтама беру, оның қолданылу аясын айқындау және құқық бұзғандарға қандай жауапкершілік қарастырылатынын белгілеу жұмыстарын бастаған. Қазір ұсыныстар мемлекеттік органдармен келісу кезеңінде. Сонымен қатар Халықаралық еңбек ұйымы да Қазақстанға осы бағытта тиісті нормаларды енгізуді ұсынған.