KZNews.kz
Қоғам

Шымкентте бір жасар бала 4 сантиметрлік шегені жұтып қойған

Ayzhan Sylanova
Фото: ашық дереккөз

Абырой болғанда, сәбидің тынысы тарылып, қиналып қалғанын байқаған анасы жедел жәрдем шақырып, баласын дер кезінде ауруханаға жеткізген.

Медициналық тексеріс кезінде дәрігерлер баланың көмейінен темір шеге табылғанын анықтап, оны шұғыл түрде алып шыққан. Алайда сәбидің жағдайы ауыр болғандықтан, ол жансақтау бөліміне жатқызылған. Қазіргі таңда бала анасымен бірге ауруханада ем қабылдап жатыр.

«Бала шұғыл түрде операция бөлмесіне жеткізіліп, бронхоскопия жасалды. Процедура барысында баланың кеңірдегінде бөгде зат тұрғаны анықталып, ол эндоскопиялық қысқыштар арқылы алынды. Сәбиді бір күн реанимацияда бақылауда ұстадық, содан соң хирургия бөліміне ауыстырдық», — деді эндоскопист-дәрігер Бабур Рахманқұлов.

Дәрігерлер ата-аналарға кішкентай балалардың қолына ұсақ немесе өткір заттар бермеуге, сондай-ақ үйдегі қауіпті бұйымдарды олардың қолы жетпейтін жерге қоюға кеңес береді.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары