KZNEWS.KZ
Қоғам

Шымкентте бензовоз аударылып, өртеніп кетті: Жүргізуші қаза тапты

• Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Шымкентте жол апатынан кейін бензин таситын көлік аударылып, өртеніп кетті. Құтқарушылар көлік кабинасынан қаза тапқан ер адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды kznews.kz

Құтқарушылар жеткен кезде аударылған бензовозды түгел жалын шарпыған. Өрт жолға төгілген жанармайға да жайылған.

“Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткенде жол апатынан аударылған бензовоз түгелдей отқа оранған. Төгілген жанармай да тұтанған. Өрт 60 шаршы метр аумақты шарпыды. Көлік кабинасынан қаза тапқан ер адамның мәйіті табылды”, – деп хабарлады Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Қазір полиция қызметкерлері адам өліміне әкелген жол апатының себебі мен мән-жайын анықтап жатыр.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →