"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте алты айлық нәресте ұялы телефонды жалғастыратын тетікті жұтып қойған - новости Казахстана

Шымкентте алты айлық нәресте ұялы телефонды жалғастыратын тетікті жұтып қойған - новости Казахстана

Шымкентте дәрігерлер жалғастырғыш тетікті жұтып қойған нәрестені ажалдан аман алып қалды.  Алты айлық сәбидің ата-анасы тетікті жұтып қойғанын тек бір аптадан соң білген деп хабарлайды NUR.KZ.

Ұялы телефонды жалғастырғыш тетік

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалғастырғыш тетікті жұтқан нәрестенің денсаулығы сыр беріп, мазасыздана бастаған. Содан ата-анасы жедел жәрдем шақыртып, ауруханаға жеткізіпті.

№1 клиникалық балалар ауруханасындағы дәрігерлер баланы шұғыл түрде тексеріп,   рентгенге түсірген уақытта асқазанында бөгде зат барын анықтаған.

"Біз алты айлық нәрестенің асқазанындағы бөгде затты гастраскоптың көмегімен алып шықтық. Баланың  асқазанынан шыққан зат ұялы телефонды жалғастыратын тетік екендігі анықталды. Нәрестеге хирургия бөлімінде сәтті ота жасадық",- деді аурухананың  дәрігері Әкім Түлкібаев. 

Ақхалаттылардың айтуынша, алты айлық сәбидің қазіргі жағдайы жақсарып қалған. Сондай-ақ, өміріне қауіп төніп тұрмағанын жеткізді.

Ота жасау кезі

Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали

Тағы да оқыңыздар


Дереккөз: kaz.nur.kz
Автор
Жандос