KZNews.kz
Қоғам

Шымкентте әкімнің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты сот үкімі шықты

Torgyn Abushakhman

Сот әкім орынбасарына оқ атқан Ернар Жиембайды 9 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сонымен қатар сот Жиембайды жәбірленушінің пайдасына 30 АЕК (118 890 теңге) төлеуге міндеттеді.

Бұған дейін Руслан Берденов бұл қаражатқа өзінің емделіп жатқан ауруханасына көлік алып бергісі келетінін айтқан еді.

Еске салайық, 21 сәуір күні Руслан Берденовке Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының алдында оқ атылып, ол ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген еді. Бұл іс бойынша айыпталушы қалалық құрылыс басқармасына қарасты "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС-нің бұрынғы директоры Ернар Жиембай.

Жәбірленуші Руслан Берденов сот отырысына онлайн режимде қатысқан. 18 тамызда прокурор Ернар Жиембайға 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Алайда айыпталушының қорғаушысы тағылған айыппен келіспей, оның әрекетін "кісі өлтіруге оқталу" емес, "қасақана ауыр зиян келтіру" деп бағалау керек екенін айтқан.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары