KZNEWS.KZ
Саясат

Шұғыл: Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Бүгін, 12 қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды kznews.kz

Айта кетейік, бүгін президент осы мәселе бойынша премьер-министр және Құрылтай төрағасымен консультация өткізгені хабарланған еді. Осыдан кейін президент мәслихаттарды тарату туралы шешім қабылдаған.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 5 тармағына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойды», - деп хабарлайды Ақорда.

Енді Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тиіс. Президент дәл осындай тапсырма берген.

«Жарлық жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді», - деп хабарлайды Ақорда.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →