Ақмола облысының Щучинск қаласында түнгі уақытта жеке тұрғын үй өртеніп, екі адам көз жұмды. Қайғылы оқиға салдарынан 1968 жылы туған ер адам мен әйел қаза тапқан, деп хабарлайды kznews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар ерлі-зайыпты болуы мүмкін. Олардың екеуі де 1968 жылы туған.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Мамандар тілсіз жаудың неден тұтанғанын және қайғылы жағдайға қандай факторлар себеп болғанын тексеруде.
Сонымен қатар құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қылмыстық сипаттағы нұсқа да назардан тыс қалмаған.
Аталған дерек Бурабай аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен тиісті арнайы қызмет өкілдері жұмыс істеп, қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайын анықтауға кірісті.
Тексеру нәтижесінде өрттің нақты себебі және оқиғаға қатысты өзге де мән-жайлар белгілі болады.