"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ШҚО-да күдікті бүтін бір ауылды жарықсыз қалдырды - Қазақстан жаңалықтары

ШҚО-да күдікті бүтін бір ауылды жарықсыз қалдырды - Қазақстан жаңалықтары

Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны электр бағаналарынан кабель ұрлап кеткен, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Глубокое аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауылдардың бірінде электрмен жарықтандыру бағаналарынан 50 метр кабель ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Жалпы шығын көлемі - 121 мыңнан астам теңге.

"Жедел-іздеу шараларының барысында қылмысқа күдікті танылған 34 жастағы ауыл тұрғыны анықталды. Қаскүнем электрмен жарықтандыру бағаналарынан "СИП" маркалы қуатты кабель мен қалқандық құралды ұрлап әкеткен", - деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметінен.

Күдікті ұрланған мүлікті түсті металл қабылдау орнына тапсыруды жоспарлаған. Алайда тәртіп сақшыларының шұғыл іс-қимылдарының нәтижесінде күдікті азамат анықталып, ұрланған мүлік табылды.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің "Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
 


stan.kz
Автор
Еркебұлан