KZNews.kz
Аймақ

Щучинсктегі жарылыс: қаза тапқандарға 2 млн, зардап шеккендерге 1 млн теңге жәрдемақы беріледі

Асқар Алтайұлы
Фото: GOV.KZ

26 ақпанда Щучинск қаласындағы «Центр плова» асханасында болған жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек қарастырылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ақмола облысы, Бурабай ауданының әкімі Арай Садыков жағдай бақылауға алынғанын және жедел штаб құрылғанын жеткізді. Қаза тапқандардың отбасыларына, олардың саны жетеу, 2 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек төленеді. Ал зардап шеккендерге 1 млн теңге берілу қарастырылды. 

Сонымен қатар әкімдік жерлеу рәсімін өз мойнына алатынын да жеткізді. Қаралы шараларға келетін туыстарға қолдау көрсету де әкімдік есебінен жүргізіледі.

Айта кетейік зардап шеккендердің саны 28 адамға жетті. Он адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →