"Жақында бәрі өзгереді": Назарбаевтың жиен немересі шұғыл үндеу жасады (ФОТО)
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Щучинскідегі бес қабатты қонақүйден өрт шықты

Щучинскідегі бес қабатты қонақүйден өрт шықты
Фото: ашық деркккөзден

Ақмола облысы Щучинск қаласындағы бес қабатты қонақүйлердің бірінен өрт шықты. Жалын ғимараттың бірінші қабатында орналасқан сауна бөлмесінен басталған, деп хабарлайды kznews.kz.

ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, қызыл жалынның ғимараттың жоғарғы қабаттарына және көрші бөлмелерге таралуына жол бермеді.

Құтқару мекемесінің ресми мәліметінше, өрттің жалпы аумағы 50 шаршы метрді құрап, тілсіз жау толықтай жойылды. Қазіргі уақытта оқиғаның шығу себебін мамандар анықтап жатыр.

Өрт сөндірушілер келіп жеткенге дейін қонақүйдің жоғарғы қабаттарында болған қонақтар қауіпсіз жерге көшірілді. Ресми мәлімет бойынша, ғимараттан 24 адам өздігінен эвакуацияланған, оның ішінде екі бала бар.

«Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Жағдай бақылауда», — деп хабарлады ТЖМ өкілдері.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.