KZNews.kz
Қоғам

Щучинскіде үлкен жарылыс болды (ВИДЕО)

Айжан Сыланова

Ақмола облысының әкімдігі Щучинск қаласында болған оқиғаға қатысты жаңа деректерді жариялады. Онда бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты кафеде газ-ауа қоспасының жарылысынан қаза тапқандар саны жеті адамға жетті, деп хабарлайды kznews.kz.

– Жедел деректерге сүйенсек, барлығы 26 адам зардап шекті, оның ішінде 7 адам қаза тапты (марқұмдардың арасында 16 жастағы қыз бар). 13 адам Бурабай аудандық ауруханасында жатыр. 6 адам амбулаториялық бақылауға жіберілді, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасы желісі бойынша қосымша медициналық бригадалар жедел түрде жасақталған.

– Барлық қажетті ресурстар жұмылдырылды: мамандар, дәрі-дәрмек, санитарлық авиация оқиға орнына жіберілді. Облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Ақмола облысының әкімдігі қаза тапқандардың отбасыларына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетеді, – делінген әкімдік ақпаратында.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің алған жарақаттарының негізгі сипаты – зақымдану аумағы мен тереңдігі әртүрлі болатын термиялық күйіктер. Барлық пациенттердің жағдайы тұрақты бақылауда.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →