KZNews.kz
Қоғам

Шерзат Полаттың отбасы қоныс тойын тойлады

Азамат Қойшығара
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Шерзат Полаттың отбасына жаңа үй салынды

Бір жылға жуық уақыт бұрын Азат ауылының тұрғыны Шерзат Полаттың отбасы баспанасыз қалған еді. Олардың үйі өрт қою салдарынан түгелдей жанып кеткен болатын.

Алматы облысының әкімі тапсырма беріп, аудан әкімдігінің қолдауымен және меценаттардың көмегімен отбасыға жаңа үй салынды. Қысқа мерзім ішінде барлық қажетті жабдықтармен қамтылған заманауи тұрғын үй тұрғызылды.

Бүгінде құрылыс толық аяқталып, жаңа үй пайдалануға берілді. Шерзат Полаттың отбасы қоныс тойын тойлап, жайлы өмір сүруге барлық жағдай жасалған жаңа баспанада тұрып жатыр.

Азамат Қойшығара
Автордың басқа материалдары