Азамат Токтаубаев 2023 жылдың желтоқсанында ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі бойынша (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) күдікті деп танылып, Талдықорған қаласындағы СИЗО-ға қамауға алынған. Кейін жәбірленуші оның бұл іске қатысы жоғын айтып, 2024 жылдың ақпанында ол үйқамаққа шығарылған, деп хабарлайды kznews.kz.
Тергеу бірнеше айға созылып, күзде қылмыстық іс осы баптың 2-бөлігіне ауыстырылды. 17 қазанда сот Токтаубаевты 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.