ка

Шерзат ісі. Прокурор басты айыпталушыны 23 жылға соттауды сұрады

02.06.2025 14:22
0
Шерзат ісі. Прокурор басты айыпталушыны 23 жылға соттауды сұрады

Бүгін, 2 маусымда Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот отырысында прокурор Дана Сәрсенбай соттан айыпталушыларды 1,6 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Атап айтсақ, Абзал Шынасылды Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық), 99-бабы 2-бөлігі 5,9 және 14-тармағы (Адам өлтіру), 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 1,7 және 9-тармағында (Адам өлтіруге оқталу) көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 23 жылға бас бостандығынан айыруды;

Равиль Сакиевті Қлмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 7 және 9-тармағында (Адам өлтіруге оқталу) бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыруды;

Шыңғыс Белғожаевты, Дархан Әскентайды, Дидар Қалиахметті, Нұрбол ТоқтаубаевтыҚылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруды;

Азамат Тоқтаубаевты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық), 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруды;

Нұрқияс Ілиясовті Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша 9 жылға бас бостандығынан айыруды;

Думан Ысқақты (2007 жылы туған) Қылмыстық кодексінің 434-бабы (Қылмысты жасыру) кінәлі деп танып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Прокурор жәбірленуші тараптың істі «топтасып адам өлтіру» бабына қайта саралау туралы өтінішіне қатысты да пікір білдірді.

«Қаншалықты ауыр әрі эмоциялық іс болса да, мен тек заң аясында әрекет етуге міндеттімін. Әркім тек өзі жасаған қылмысы үшін ғана жауап беруі керек. Сондықтан жәбірленушілердің басқа айыпталушыларға да «адам өлтіру» айыбын тағу туралы өтінішін қолдауға объективті негіз болған жоқ», – деді ол.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий