KZNews.kz
Шоу-бизнес

Шенеунік сапасыз "кілем асфальт" үшін пара алғанын мойындады

KZNEWS

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы 1 миллион теңге көлемінде пара алғанын мойындады.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істері жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров хабарлады.

– Күдікті "Жұмыспен қамту жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған жолдың құрылысы кезінде қамқорлық көрсеткені үшін заңды тұлғалардан 1 миллион теңге көлемінде пара алғанын мойындады, –  деді Данияр Биғайдаров

Бұған дейін әлеуметтік желіде 2020 жылы Мұнайлы ауданы Баянды ауылында жаңадан төселген асфальт жабынын қолмен оңай бөліп алуға болатыны көрсетілген видеоны жарияланған болатын.

https://youtu.be/JzEqj4j00tU

KZNEWS
Автордың басқа материалдары