KZNews.kz
Қоғам

"Шектен шықтың": Жан Ахмадиев атышулы сарапшы Байділдиновті жекпе-жекке шақырды

Ayzhan Sylanova

Ол Байділдиновтің соңғы пікірлерін сынға алып, оны жекпе-жекке шақырды.

«Е, Олжас Байділдинов. Сен шектен шықтың. Газды қымбаттатып, халыққа қарсы шықтың. Қазақ тіліне тиісіп, елдің намысын таптадың. Енді келіп Димашқа тиісіп отырсың ба? Димаш – қазақтың мақтанышы, ол – біздің рухымыз, біздің символымыз», – деді блогер.

Ахмадиевтің айтуынша, Байділдиновтің соңғы әрекеттері мен мәлімдемелері қоғамда шу тудырған.

«Сондықтан, Олжас, егер өзіңді шалбар киген жігітпін десең, жұрттың алдында бос сөзбен емес, менімен жекпе-жекке шық. Сені ресми түрде жекпе-жекке шақырып отырмын. Бірақ бұл – екеуміздің ғана айқасымыз емес, бұл – ел намысының айқасы. Қазақтың тілін, мақтанышын, рухын таптаған әр сөзің үшін жауап бересің», – деп мәлімдеді Ахмадиев.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары