“Жұбайымды шәкіртіме әйелдікке бердім” деген тұрғын жауапкершілікке тартылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды

UFC президенті Дана Уайт Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласын анықтады. 16 қыркүйекте Шавкат америкалық Келвин Гастелуммен жекпе-жекке шығады, - деп хабарлайды Tengri Sport тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC турнирінің бірлескен басты оқиғасы болады.

Осыған дейін Гастелум жартылай орта салмаққа оралатынын мәлімдеген еді, промоушн басшылығы оның шешімімен келіскен болатын.

2019 жылдың сәуір айында америкалық UFC орта салмақтағы уақытша титулы үшін Исраэль Адесаньямен жекпе-жек өткізді. Бірақ төрешілердің шешімімен Жаңа Зеландиялық жеңіске жеткен еді.

Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде алтыншы орында тұр.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары