KZNews.kz
Саясат

Шавкат Мирзиеев Өзбекстандағы президент сайлауында жеңіске жетті

KZNEWS

Өзбекстанда орталық сайлау комитеті президентті мерзімінен бұрын сайлау қорытындыларын жариялады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Қазіргі президент Шавкат Мирзиеев 87,05% дауыс жинаған.

Мерзімінен бұрын президенттік сайлау 9 шілдеде Өзбекстанда өтті. ОСК мәліметтері бойынша, халықтың 69,85%-ы, яғни 13 млн 459 мың 677 адам дауыс берген.

Мемлекет басшысы лауазымына төрт кандидат үміткер болды. ОСК-да дауыс берудің алдын ала қорытындылары айтылды:


Өзбекстан заңнамасына сәйкес 33% халық келсе, сайлау өтті деп саналады.

Президенттік сайлауда жеңіске жету үшін 50% - дан астам дауыс жинауы керек.

Естеріңізге салсақ, 9 шілдеде Өзбекстанда президент сайлауы аяқталды.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары