KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Шахмурат Муталип қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 25 млн теңгеден береді

• Айжан Сыланова
Фото: ЖИ

Қазақстандық кәсіпкер, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Шахмурат Муталип Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қаржылай көмек көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Шахмурат Муталип бұл қаражат мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауға қосымша берілетінін атап өтті.

«Әрине, ешқандай ақша ата-аналарға балаларын қайтара алмайды. Алайда мұндай сәтте ешбір отбасы қайғысымен жалғыз қалмауы керек. Осындай қиын кезеңдерде халқымыз әрдайым бірлігін көрсетіп келеді», – деп жазды ол.

Кәсіпкер қаза болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, туған-туыстары мен қаруластарына көңіл айтып, қайғыларына ортақ екенін жеткізді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →