KZNEWS.KZ
Қоғам

Шахматтан әлем чемпионаты: Синдаров пен Гукеш алғашқы партияда тең түсті

• Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Швейцарияның Женева қаласының маңындағы Мартин Бодмер қорының алаңында классикалық шахматтан 2026 жылғы әлем чемпионы атағы үшін матч басталды, деп хабарлайды kznews.kz

24 қарашада өткен алғашқы партия 0,5:0,5 есебімен аяқталды.

Ақ тастармен ойнаған Синдаров испан партиясымен бастаса, Гукеш Берлин қорғанысын қолданды. Сегізінші жүрісте қарсыластар уәзірлерін алмастырып, әйгілі Берлин эндшпиліне көшті.

Синдаров 13-жүрісте жаңа тәсіл қолданғанымен, әлем чемпионы қателікке бой алдырмады. 3 сағат 37 минутқа созылған партия 38-жүрісте позицияның үш рет қайталануымен аяқталды.

Швейцариядағы бұл кездесу әлем чемпионатының 140 жылдық тарихындағы қатысушылары ең жас матч ретінде тарихқа енді. Жарыс басталған кезде екі гроссмейстер де 20 жаста болды.

Матч 14 классикалық партиядан тұрады. Жарыстың жүлде қоры – 2,5 млн АҚШ доллары.

Әлем чемпионы атану үшін шахматшылардың бірі 7,5 ұпай жинауы қажет. Негізгі кезең тең есеппен аяқталса, чемпионның есімі 12 желтоқсанда өтетін тай-брейкте анықталады.

Матчтың екінші партиясы 25 қарашада өтеді. Бұл жолы Гукеш Доммараджу ақ тастармен ойнайды.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →