KZNEWS.KZ
Қаржы

Шағын бизнестің шаруасы оң ба?

Фото: ашық дереккөздерден

Алайда, Қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары сегменттің өсу сипаты өзгергенін айтады. Яғни, жаңа өтінімдер саны іс жүзінде өспегенімен, берілген қарыз көлемі мен несие портфелі ұлғайған. Бірінші жартыжылдықта шағын бизнес портфелі 12,7 пайызға өссе, жалпы корпоративтік кредиттеу нарығындағы өсім 5,4 пайыз болды.

Бұған несиелердің мерзімі де әсер етіп отырған көрінеді. Шағын бизнеске берілген жаңа қарыздардың жартысынан астамы бір жылдан ұзақ мерзімге рәсімделген. Сондықтан жаңа несиелер банк портфелінде жылдамырақ жинақталуда. Орта бизнеске берілген қарыз көлемі 56,2 пайызға артқанымен, қалыптасқан портфель көлемі бойынша шағын бизнес әлі де алда.

Сонымен бірге бизнес тарапынан өтінім берілетін несие көлемі азайған. Өтінімнің орташа сомасы 32,9 миллион теңгеден 23,8 миллион теңгеге дейін төмендеді. Портфель құрылымында 10 миллиард теңгеден асатын ірі қарыздардың үлесі қысқарып, салыстырмалы түрде шағын несиелердің үлесі артқан.

Бұл кредит нарығындағы өсімнің ірі жобалар есебінен емес, шағын бизнеске берілетін несиелердің көбеюі арқылы қалыптасып жатқанын көрсетеді.

Дегенмен, портфельдің жылдам өсуі тәуекелсіз емес. Мерзімі өткен берешектің үлесі 4,5 пайызға дейін көтерілген. Банктер жаңа қарыздарды мақұлдауда сақтық танытып отыр. Яғни кредит көлемі өсіп жатқанымен, қаржы ұйымдары қарыз алушылардың төлем қабілетіне қойылатын талаптарды әлсіреткен жоқ деп пайымдайды Қаржыгелер қауымдастығының сарапшылары.

Айтпақшы, екінші жартыжылдықта негізгі факторлардың бірі несие құны болуы мүмкін. Бірінші жартыжылдықта орташа мөлшерлеме өткен жылмен салыстырғанда сәл жоғары болғанымен, маусымға қарай қаңтардағы деңгейден едәуір төмендеді. Егер қаржы құны әрі қарай арзандаса және мемлекеттік қолдау бағдарламалары сақталса, шағын бизнеске несие сұранысы жалғасуы ықтимал.

Осылайша шағын бизнестің кредит нарығындағы салмағы өтінімдер санының өсуінен гөрі нақты берілген қаржы көлемі мен ұзақ мерзімді қарыздардың есебінен артып отыр.

Қалмаханбет Мұқаметқали
Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
Автордың басқа материалдары →