65 жастан асқан жүргізушілер енді көлік айдай алмай ма? ІІМ жаңа тәртіпті түсіндірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шетелдік азамат желіде Қазақстан азаматтығын сатып алғанын айтып мақтанды

Шетелдік азамат желіде Қазақстан азаматтығын сатып алғанын айтып мақтанды
фото: Viktoriya Fivko/Getty Images

Әлеуметтік желіде өзін Қазақстан азаматтығын сатып алдым деп мәлімдеген ер адамның видеосы кеңінен тарады. Бейнежазбада әңгімелесуші одан мемлекеттік тілді білуге арналған тесті қалай тапсырғанын сұрағанда, ер адам «мұнда бәрін сатып алуға болады, жемқор ел» деп жауап береді, деп хабарлайды kznews.kz.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі тексеру жүргізіп, видеодағы адамның жеке басын анықтады.

Ведомствоның мәліметінше, ол – көршілес мемлекеттің азаматы. Тексеру барысында ер адамның Қазақстан азаматтығын заңсыз сатып алғаны туралы айтқан сөзі шындыққа сәйкес келмейтіні анықталған.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады ІІМ.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.