KZNews.kz
Саясат

Серік Жұманғарин Cұлтановтың орнын алмастырды

Айбар

Серік Жұманғарин премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Бақыт Сұлтанов премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі қызметінен босатылған болатын.
Айбар
Журналист
Автордың басқа материалдары →