KZNews.kz
Жаңалықтар

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Серік Сәпиев ҚР Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Ол XX жазғы Азия ойындарына дайындық жөніндегі штабта спорт блогын үйлестіруші қызметін атқарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл тағайындау былтыр күшіне енген "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңның жаңартылған редакциясында көзделген ротация жүйесі аясында жүзеге асқан.

Айта кетейік, Серік Сәпиев – бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы, 2010 жылы Гуанчжоуда өткен Жазғы Азия ойындары жеңімпазы. Ол әр жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, сондай-ақ өңірлік спорт басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда ол ҚР Ұлттық Сурдлимпиадалық комитетінің президенті.

Сонымен бірге штаб құрамына Туризм және спорт министрлігінің өкілдері, ұлттық спорт федерацияларының жетекшілері және сала ардагерлері енгізілді. Олар дайындықтың барлық кезеңін үйлестіріп, белгіленген міндеттердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

Алдағы Жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді. Азиада-2026 бағдарламасына спорттың 41 түрі кіріп, 68 дисциплина бойынша 460 медаль жиынтығы сарапқа салынады (217 – ерлер, 204 – әйелдер, 39 – аралас санат). Бағдарламада олимпиадалық, олимпиадалық емес және дәстүрлі азиялық спорт түрлері қамтылған.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →