KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

• Жарқын Омаров
Фото: gov.kz

Олимпиада чемпионы, белгілі боксшы Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясы Президентінің боксты дамыту жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бокс федерациясы хабарлауныша, Қазақстан бокс федерациясы Президентінің боксты дамыту жөніндегі кеңесшісі қызметінде Серік Сәпиев бокс құрамаларының нәтижесін жақсарту, спорт түрін дамыту бойынша жүйелі жұмыс пен Олимпиада ойындарындағы жоғары жетістік жолында жұмыс атқарады.

Серік Сәпиев 1983 жылы дүниеге келген. Бокстан Олимпиада ойындарының жеңімпазы. Екі дүркін әлем және Азия чемпионы. ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. Парасат орденінің, Вэл Баркер Кубогінің иегері.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →