Қоғам

Сергексіз-ақ тәртіп орнайтын күн қашан туады?

Сергексіз-ақ тәртіп орнайтын күн қашан туады?
Sergek Group

Сонда адал еңбектің қадірі қайда қалды? Нан табудың жалғыз жолы – маңдай тер екенін неге естен шығарып барамыз? Көпшілік батыс елдеріне тамсанып, «бізде неге олай емес?» деп налиды. Бірақ дәл сол сәтте оңай ақшаға құмарту, заңды белден басу әдеті байқалып тұрады. Ал біз үлгі тұтатын АҚШ, Германия, Францияда әрбір адам адал еңбегімен табыс табуға ұмтылады. Заңды сақтау – қоғамның негізгі құндылықтарының бірі.

Егер біз шынымен дамыған, демократиялық мемлекетте өмір сүргіміз келсе, ең алдымен адал еңбекті насихаттап, заңды сақтауға тырысуымыз қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл – өте орынды бастама. Өйткені еңбекқорлықты дәріптеуді мемлекет қолға алмаса, басқа ешкім қолға алғалы тұрған жоқ.

Заңды сақтау да – әрбір азаматтың тікелей міндеті. Өкінішке қарай, бізде заң бұзуға әуес жандар әлі де кездеседі. Мәселен, кезінде қалада көлікті жүзбен айдап, белдік тақпай жүретіндер көп болды. Содан кейін «Сергек» камералары орнатылды. Біртіндеп бәрі белдік тағып, жылдамдықты азайтты. Бұл – қарапайым мысал ғана. Егер жүргізушілер заңға сай жүрсе, ешкім айыппұл салмас еді, камера да қажет болмас еді. Мұндай мысалды басқа салалардан да көптеп келтіруге болады.

Мемлекет басшысы «Адал азамат» ұғымын жиі айтады. Нағыз адал азамат болу үшін әркім өз міндетін адал атқарып, жұмысына ұқыппен әрі ықыласпен қарауы қажет. Заңға құрмет – әр адамның парызы. Егер елдегі әрбір азамат осыны орындаса, Қазақстан әлдеқашан алға озған, өркениетті мемлекеттердің қатарында болар еді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz