KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Сенбеңіздер! Адвокат жұмысты бастады": Тұрсынбектің екінші әйелі шұғыл мәлімдеме жасады

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы жазба жариялап, TikTok-та оның атынан ашылған фейк аккаунттарға алаңдамауды сұрады.

Ол өз мәлімдемесінде TikTok қолданбайтынын ашық айтып, атынан таратылып жүрген түрлі жазбалардың жалған екенін жеткізді.

"Tik-Tok деген әлемде мен отырмаймын. Қолданбаймын. Мен болып неше түрліні жазып отырған өтірік сөздерге сенбеңіздер. Мақсаттары – әдейі шамына тиетін сөздер жазып, елдің тілін қышыту және комментарий алу мақсаты… Адвокаттар жұмысты бастады. Көзі ашық, көкірегі ояу ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан жандарым ИИ-ді ажырата алатын боларсыздар? Не болса соған сенудің қажеті жоқ", – деп жазды ол.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары