KZNews.kz
Шоу-бизнес

Семейде әйел адамды жүк пойызы басып кетті (ВИДЕО)

Айжан Сыланова

Телеарна мәліметіне сәйкес, қайғылы жағдай шаһардың қақ ортасында болған. Әйел тоқтап тұрған пойыздың толық жүріп кеткенін күтпей, вагондардың арасымен өтіп кетуге әрекеттенген. Алайда бірнеше секундтан кейін пойыз орнынан қозғалып жүре бастаған. 

Сол мезетте, марқұм дөңгелектің астында қалып қойған. Куәгерлер әйелді вагонның астынан шығарып үлгергенімен, ол оқиға орнында көз жұмды. Қазір осы оқиға бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →