77 млн теңге: "Атырау" футбол клубы сатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Семейде жүргізуші көлікті басқара алмай, жаяу жүргіншіні қағып кетті

Семейде жүргізуші көлікті басқара алмай, жаяу жүргіншіні қағып кетті
фото: ашық дереккөз

Жүргізуші көлікті аударып алған

Семейде көлік аударылып, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Абай облыстық Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Жол апаты 17 сәуір күні сағат 12:55 шамасында қаладағы Грязнов көшесінде болған. Toyota Camry маркалы автокөлігінің тізгініне ие бола алмаған жүргізуші көлікті аударып алған.

Қатты жылдамдықпен аударылған темір тұлпар сол маңда жүрген жасөспірімді қағып, кейін жол жиегінде тұрған тағы екі көлікке барып соғылған.

Апат салдарынан жарақат алған кәмелетке толмаған бала дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

«Дәрігерлер қарауынан кейін жасөспірім ауруханаға жатудан бас тартты. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - деп хабарлады Абай облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Мамандар апаттың нақты себептерін анықтап жатыр.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.