Озған заман мен тозған мектеп: абайлық балалардың білім деңгейі қандай?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сәтпаевтағы жанармай бекетінде кассир әйелді өлтіріп кетті

Сәтпаевтағы жанармай бекетінде кассир әйелді өлтіріп кетті

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

37 жастағы жезқазғандық келіншек жанармай бекетінде кассир болып істеген

ҚАРАҒАНДЫ, 20 мамыр - Sputnik. Қарағанды облысының полициясы Сәтпаев қаласында жанармай бекетінің кассирін қатыгездікпен өлтіріп кеткен қылмыскерді іздеп жатыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Жантүршігерлік қылмыс 16 сәуірде түнде жасалған. 37 жастағы келіншектің денесін жанармай бекетіне келген клиенттердің бірі тауып алып, полицияны шақырады.

Тағы оқыңыз: Шымкентте лифтінің ішінде әйел адамның мәйіті табылды

Мәйітті қарап шыққан мамандар әйелдің маңдайы бірнеше рет шабылғанын айтты. Келіншектің артында бес баласы қалған көрінеді.

Әйел адамға неге шабуыл жасалғаны белгісіз. Болжам бойынша, бекетті тонау үшін өлтірген болуы мүмкін, себебі кассадан ақша жоғалыпты.

Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыскердің іздестіріліп жатқанын растады. Бақытжан Құдияровтың айтуынша, осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Облыс полициясының бүкіл жеке құрамы жұмылдырылып, ең тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел топ құрылды.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан