"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сарбаз Барқұловтың өлімі: сотталған экс-командир кассациялық шағым түсірді

Сарбаз Барқұловтың өлімі: сотталған экс-командир кассациялық шағым түсірді

Сарбаз Марат Барқұловты өлтіргені үшін сотталған бұрынғы командир Дамир Досов сот шешімімен келіспейді және оны қайта қаратуға ниетті, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы Lada.kz адвокат Азамат Сағалға сілтеме жасап хабарлады. Оның айтуынша, өңірлік «Батыс» қолбасшылығының 25744 әскери бөліміндегі зенит-артиллериялық взводтың бұрынғы командирі Дамир Досов өзіне шығарылған үкімге кассациялық шағым берген.

Қорғаушының айтуынша, Досов соттың шешімімен келіспейді және үкімді қайта қарауды талап етпек. Шағым қылмыстық істер жөніндегі сотқа жолданған, бірақ отырыс күні әлі белгіленген жоқ. Адвокат өз қарсылығын дайындап жатқанын және алдағы процесте мұқият дайындалуды жоспарлап отырғанын айтты.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Қайғылы оқиға "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде болған. Сағат 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтинанты ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Атылған оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген. Сарбаз ауруханаға жеткізілгенімен оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Сағат 17:40 шамасында ол көз жұмған.

Марат Ерболұлы Барқұлов өзінің туған ауылы – Шығыс Қазақстан облысының Самар ауылында жерленді. Ulysmedia тілшісі сол тұста Самар ауылына барған болатын. 

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары