KZNews.kz
Қоғам

Сарбаз Барқұловтың өлімі: кассациялық сот соңғы шешімін шығарды

Торғын Абушахман
Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында мерзімді әскери қызметші Барқұловтың өліміне қатысты іс кассациялық соттың шешімімен түпкілікті аяқталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Адвокат Азамат Сағалдың мәліметінше, сотталған бұрынғы командир Дамир Досовтың кассациялық шағымы қанағаттандырылмаған, ал бұған дейін шығарылған үкім өзгеріссіз қалдырылған, деп жазады Lada.kz.

Қазақстан Республикасының қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотының отырысы 27 қаңтарда өтті. Процесс барысында Дамир Досовтың кассациялық шағымы қаралғанымен, сот төменгі сатыдағы инстанциялардың шешімін қайта қарауға негіз таппады.

— Әділдік орнады. Қолдау білдірген баршаңызға рақмет, — деді адвокат.

Қайғылы оқиға "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде болған. Сағат 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтинанты ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Атылған оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген. Сарбаз ауруханаға жеткізілгенімен оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Сағат 17:40 шамасында ол көз жұмған.

Сот үкімімен күдікті Дамир Досов қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (қасақана өлтіру) бойынша кінәлі деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →