110 мың теңге: Әлеуметтік секіріс пе, әлде инфляциялық тұзақ па?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақмыс еңбек жағдайын жақсартуда: «Анненск» шахтасында ӘТК-ні жөндеу жұмысы аяқталды

Қазақмыс еңбек жағдайын жақсартуда: «Анненск» шахтасында ӘТК-ні жөндеу жұмысы аяқталды
фото: ашық дереккөз

Ғимараттағы 68 кабинетке ағымдағы жөндеу жүргізіліп, қабырғалар, төбелер, есіктер мен еден жабындары жаңартылды. Күнделікті пайдаланатын санитарлық-тұрмыстық және жуынатын бөлмелерге күрделі жөндеу жүргізілді.

Шығыс Жезқазған кенішінің «Анненск» шахтасында әкімшілік-тұрмыстық кешенді (ӘТК) жөндеу жұмысы аяқталды. Жұмыс Қазақмыстың еңбек жағдайын жақсарту сондай-ақ кәсіпорындардың өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымын жаңарту бағдарламасы аясында жүргізілді, деп хабарлайды kznews.kz

Ішкі кеңістікті безендіруге ерекше назар аударылды. Әкімшілік-тұрмыстық кешеннің қабырғаларына «Алаш» қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің, қазақстандық ағартушылардың, ғалымдардың, ақындар мен жазушылардың портреттері орналастырылды. Кіреберісте жұмыскерлердің қолымен жасалған мемлекеттік рәміздер стенді орнатылды. Бірінші қабатта кофехана ашылды.

Кешеннің айналасы да көркейтілді. Мұнда ағаштар мен гүлдер отырғызылып, бұрғылау машинасына арналған ескерткіш орнатылды және субұрқақ салынды.

«Анненск» шахтасының тұрмыстық кешенін жаңарту Қазақмыстың инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасының бір бөлігі болды. Оның негізгі басымдықтарының бірі – жұмыскерлер үшін қолайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру.

2026 жылы Жезқазған, Балқаш және Қарағанды өңірлеріндегі, сондай-ақ Шатыркөл алаңындағы әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы 80-нен астам нысанды күрделі және ағымдағы жөндеуге 2,44 млрд теңге қарастырылған.

Бағдарлама «Q.I. Satbayev atyndagy Jezqazgan Tau-ken óndirisi» өндірістік бірлестігінде 38 нысанды қамтиды. Жөндеу жұмысы Оңтүстік Жезқазған, Батыс Жезқазған кеніштерінде, «Жомарт» кенішінде, Жезқазған байыту фабрикасында және Мамандандырылған энергия-жөндеу басқармасында жүргізілді.

Бағдарлама жұмыскерлердің еңбек етуі мен демалуын жүйелі түрде жақсартуға бағытталған. Жуынатын бөлмелерді тұрмыстық орындарды, тамақтану нысандары мен инженерлік инфрақұрылымды жаңарту өндірістік кәсіпорындарда қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.