5 айда - 7 пайыз: ішкі инвестиция көлемі өсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сарапшы Наурыз Мұқанғалиевтің бас сүйегіне қатысты түсінік берді

Сарапшы Наурыз Мұқанғалиевтің бас сүйегіне қатысты түсінік берді
politico.kz коллажы

Атырау облысында қаза тапқан төрт адамның сүйегіне жүргізілген сот-медициналық сараптама қорытындысы жарияланды. Сараптама барысында Наурыз Мұқанғалиевтің бас сүйегі мәйітті қазып алу кезінде денесінен ажырап қалуы мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Атырауда қайын жұртындағы төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті отырыста сотталушының адвокаты сарапшыдан адамның бас сүйегі 6-8 ай ішінде денесінен өздігінен ажырауы мүмкін бе деп сұрады.

Бұған дейін сотта көрсетілген видеоматериалдарда марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің басы денесінен бөлініп қалғаны байқалған.

Сарапшының сөзінше, мұндай жағдай болуы мүмкін. Бұл мәйіттің қандай жерде жатқанымен, топырақтың құрамымен және сүйектің шіру процесімен байланысты.

"Мәйіттің қай жерден табылғанына, топыраққа, сүйектің шіруіне де байланысты. Наурыз Мұқанғалиевтің мәйітін қазып алып шыққан кезде денесінде бұлшық ет болмаған, бас сүйегі сол кезде де үзіліп кетуі мүмкін", – деді сарапшы.

Қазіргі уақытта Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот отырыстары жалғасып жатыр. Істің толық мән-жайы сот барысында анықталмақ.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер