Шакира үшін Бішкекке барамыз: шетелдік билет сатып алушылардың арасында қазақтар көш бастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Санжар Боқаевты ҰҚК изоляторына ауыстырды

Санжар Боқаевты ҰҚК изоляторына ауыстырды
Фото: ашық дереккөздерден

Сот шешімімен екі айға қамауға алынған қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың адвокаты шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Қорғаушы Диас Ахметтің айтуынша, оның қорғауындағы азамат полиция құрылымындағы уақытша ұстау орынынан ауыстырылған. Санжар Боқаев енді  ҰҚК изоляторында. Мұндай орынға әдетте ерекше істер бойынша күдіктілер немесе қауіпсіздігіне қауіп төнген тұлғалар қамалады.

Бұған дейін ҰҚК қорғауындағы арнайы ұстау камерасына Мұхтар Жәкішев пен Рахат Әлиев ісіне қатысты жекелеген тұлғалар да жеткізілген болатын.

Қоғам бұл жағдайды Санжар Боқаевқа қатысты қозғалған істің маңыздылығы жоғары болуымен байланыстыруда. Ал ресми түрде Боқаевқа "жалған ақпарат тарату" мен "қаржылық құйтырқылыққа" қатысу бойынша айып тағылған

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.