KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Сәкен Майғазиев көптен күткен сүйінші жаңалығымен бөлісті

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық танымал әнші, «МузАРТ» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын жариялап, елден сүйінші сұрады, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі алғаш рет немере сүйіп, қуанышын оқырмандарымен бөлісті. Ол бұл ерекше сәт үшін Аллаға шүкіршілік айтып, ізгі тілегін жеткізді.

«Сүйінші, қазағым! Немерелі болдым! Аллаға мың шүкір! Раббым Алла, саған мақтаулар болсын! Пайғамбарымызға сансыз салауаттар болсын! Қазақ елі, сіздерге де немере-шөбере жұғысты болсын! Бақыттан басым айналып тұр», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері Сәкен Майғазиевті құттықтап, ақ тілектерін жаудырды. Көпшілік сәбиге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілеп, әншінің отбасына қуаныш пен береке тіледі.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →