77 млн теңге: "Атырау" футбол клубы сатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Саяси смета: Бюджет қаржысы қай партияларға бұйырды?

Саяси смета: Бюджет қаржысы қай партияларға бұйырды?
Фото: ашық дереккөздерден

Елімізде партияларға бөлінетін мемлекеттік қаржының көлемі жыл сайын көбейіп келеді екен. Ресми дерекке сүйенсек, кейінгі бес жыл ішінде бұл көрсеткіш екі еседен астам шамаға артқан.

Мәселен, 2022 жылы саяси партияларға бөлінген бюджет қаражаты 8,4 млрд теңге болса, 2026 жылы 17,7 млрд теңгеге жеткен. Бір жағынан қарағанда бұл жай ғана экономикалық өсім сияқты болуы мүмкін, өйткені айлық есептік көрсеткіштің өзгеруі, инфляцияның ауытқу сияқты факторлар мемлекеттік қолдау қаржыға да тән деп түсінуге болады. Алайда, мәселенің саяси астары бар екенін ұмытпауымыз керек сияқты. Себебі, саяси партиялардың соңында идеялық топтар мен тұтас электорат тұрғаны анық. Демек, партияларды бюджеттен қаржыландыру билік үшін саяси шешімдер таңдауы кезінде іске қосылатын механизм қызметін атқаруы мүмкін. Яғни, бұл тенденцияға айналып отыр.

Цифр тілінде сөйлесек, 2022–2024 жылдар аралығында партияларды бюджеттен қаржыландыру қарқыны тіпті үдей түскен екен. Қарасақ, екі жыл қатарынан бірдей көлемдегі сома - 3,4 млрд теңге қаржыланлыру қаражысына қосылып отырғанын көреміз. Мұндай тұрақты өсім басқа кез келген салада сирек кездеседі. Тек, 2025 жылы ғана бұл динамика кенет тоқтап, қаржы көлемі өзгеріссіз қалыпты. Бірақ, биыл партияларға бөлінген қаражат та қайтадан өсім байқалған.

Жалпы, атқарушы биліктің саяси партияларды қаржылай қолдауы елдегі саяси жүйені дамыту, партиялардың институционалдық әлеуетін арттыру мақсатында жасалатыны белгілі. Яғни, теория бойынша, бұл қаржы елдегі саяси бәсекені күшейтіп, партиялардың қоғаммен жұмысын жандандыруға тиіс.

Мұның арғы жағында саяси режимге деген сенім мен биліктің легитимділігі туралы мәселе тұрғаны анық. Әсіресе, рационалды легитимділік жолын, яғни заң мен сайлау арқылы басқаруды таңдаған қазіргі саяси жүйе үшін партиялардың белсенділігі ауадай қажет. Сол себептен де саяси партияларға бөлінген бюджет қаражатының не себепті көбейгенін түсінуге болады. Ал электораттың партияларға деген сенімі мен таңдауы басқа мәселе, әрине...

Жалпы, партияларды бюджеттен қаржыландыру 2023 жылғы Мәжіліс сайлауындағы дауыс санына сәйкес пропорционалды түрде бөлінеді екен. Ол формула бойынша әр дауысқа 0,65 айлық есептік көрсеткіш шамасында қаржы қарастырылған. Яғни, ең көп дауыс алған партия тиісінше көп қаржы алады деген сөз.

Айтпақшы, ашық дереккөздердегі мәліметке қарағанда, 2025 жылы партияларға бөлінген қаржының ресми есебі 15,2 млрд теңгені құрапты. Пропорционалды бөліске сай Мәжіліске өткен саяси партиялар ол қаржыны алып отыр. Мысалы, былтыр Amanat партиясы 8,7 млрд теңге, "Ауыл" партиясы 1,7 млрд теңге, Respublica партиясы 1,3 млрд теңге, "Ақ жол" партиясы 1,3 млрд теңге, Қазақстанның халық партиясы 1,1 млрд теңге және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 846 млн теңге көлемінде бюджет қаржысын иеленген екен.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.