1 674 699 адам: Астана тұрғындарының ресми саны қанша?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Саяси сауалнама: тұрғындардың 87,8 пайызы елдің саяси даму бағытын қолдайды

Саяси сауалнама: тұрғындардың 87,8 пайызы елдің саяси даму бағытын қолдайды
Фото: ашық дереккөздерден

Ел тұрғындарының басым бөлігі мемлекеттің қазіргі даму бағытын дұрыс деп бағалайды екен. Бұл туралы "DATAMetrics" компаниясы жүргізген әлеуметтік зерттеудің нәтижесінен кейін айтылды. Ал сауалнама Президент жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша жүргізіліпті.

Сауалнама биылғы 13-маусым мен 2-шілде аралығында еліміздің барлық өңірінде, сондай-ақ, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өткізілген. "Face-to-face" форматындағы зерттеуге 18 жастан асқан 8 мың азамат қатысты. Зерттеу қорытындысына сәйкес, респонденттердің 87,8 пайызы Қазақстан дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейді. Бұл көрсеткіш азаматтардың мемлекеттік саясатқа деген оң көзқарасының жоғары екенін аңғартады.

Сауалнама барысында азаматтардың сайлауға қатысуға дайындығы да зерттелген. Сол кезеңде Құрылтай депутаттарын сайлау күні әлі жарияланбағандықтан, қатысушыларға "Егер сайлау алдағы жексенбіде өтсе, дауыс беруге барар ма едіңіз?" деген сұрақ қойылған. Нәтижесінде респонденттердің 75,6%-ы сайлауға қатысуға дайын екенін білдірген. Оның ішінде 44,2 пайызы міндетті түрде дауыс беретінін, ал 31,4 пайызы дауыс беруге ықтималды түрде қатысатынын айтқан.

Ал партиялық таңдауға қатысты сауалнамада ең жоғары қолдау "Әділет" партиясына тиесілі болды. Оған қатысушылардың 54,2 пайызы дауыс беруге дайын екенін жеткізген.

Қалған партиялар бойынша көрсеткіштер де төмен емес көрінеді. Мәселен, "Ауыл" партиясына 7,3 пайыз, "Ақ жол" партиясына 4,6 пайыз, Respublica партиясына 3,4 пайыз, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына 2,4 пайыз, Қазақстанның Халық партиясына 2,1 пайыз және "Байтақ" партиясына 1,1 пайыз сенім білдіретіндер бар екен. Ал респонденттердің 2,3 пайызы "Барлығына қарсымын" деген нұсқасын таңдаған көрінеді.

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандардың 22,6 пайызы, яғни шамамен әрбір бесінші азамат, әлі нақты партиялық таңдауын жасамағанын айтқан. Бұл алдағы үгіт-насихат кезеңінде саяси партиялар үшін маңызды электоралдық резерв қалыптасып отырғанын көрсетеді-мыс.

Жалпы, DATAMetrics" компаниясы жүргізген зерттеу нәтижелері қазақстандықтардың елдің саяси бағытына деген қолдауының жоғары екенін және азаматтардың басым бөлігінің алдағы сайлау процесіне қатысуға ниетті екенін аңғартады.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.