KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

"Шай берді": Олжас Абай Дариға Бадықованың анасымен кездесті (ВИДЕО)

• Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Актриса Дариға Бадықованың анасы "Ыстық ұя" фильміне қатысқан режиссер мен актерлерді үйіне шақырып, дастархан жайды, деп хабарлайды kznews.kz.

Кездесуге актер Олжас Абай да қатысып, бейнежазбада:

"Бұл үйде бірнеше рет қонақта болғанмын", – деп жылы естелігімен бөлісті.

Ал Дариғаның анасы оған ақ тілек айтып:

"Үйіңнің берекесі мен тірегі бол", – деп батасын берді.

Бұл сәт әлеуметтік желіде кең талқыланып, желі қолданушылары пікірлерін қалдырды:

"Құтты болсын!", "Анаңыз 100 жасасын!", "Сіздерге күш-қуат берсін", "Дариға, киноңыз да, анаңыз да керемет!" – деп жазды олар.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →